Атырау, 26 сәуір 21:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жаңғырту жобасының авторы жауапқа тартылды

1 826 просмотра

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жаңғырту жобасының авторы қате жібергені үшін жауапқа тартылды. Салдарынан құрылыс жұмыстары айтарлықтай кешіккен. 

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

ИИДМ басшысының айтуынша, ұзындығы 277 шақырым тасжолды қайта жаңғырту 87 миллиард теңгеге бағаланып отыр. 2021 жылы Ресеймен шекарадан Ганюшкино ауылына дейінгі 60 шақырым болатын бірінші кезең жұмыстары аяқталды. Жұмысқа 22 миллиард теңге жұмсалған. Қазір жол ашық.

2020 жылдан бастап ұзындығы 217 шақырым екінші кезең басталғаны айтылды. Оның құны 65 миллиард теңге болды. Ол Еуропа қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен қаржыландырылады. Жолды салуға төрт мердігер компания жауапты: Lankaran Yol Tikinti, Todini Construzioni Generali S.p.A, Ant Insaat Maden Sanayi және "СП "СМС"

4 ақпан 2022, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.