Атырау, 24 сәуір 13:46
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау облысында бір тәулікте 124 адам COVID-19 жұқтырған

1 351 просмотра

Атырау өңірінде коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны төмендегені байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 124 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 83 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 9 науқас анықталды. Ал, 19 - Жылыой ауданында, 2 -  Индер ауданында, 0 - Исатай ауданында, 6 -  Қызылқоға ауданында, 0 - Құрманғазы ауданында, 2 - Мақат ауданында, 3 науқас Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 78 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 46 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 473 адам емделді.

Қазір 4 934 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 23, модульдік ауруханада - 140 фтизиопульманологиялық орталықта - 47 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 41 емделіп жатыр. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

4 ақпан 2022, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.