Атырау, 10 маусым 20:18
 снегВ Атырау +27.9
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Жолда жүк көлігі мен «Тойота» соқтығысты. Жеңіл көліктегілер опат болды

2 682 рет қаралды

28 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 71 шақырымында MAN жүк көлігі мен Toyota Camry  автокөліктері соқтығысып қалды. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы (оның 2 жасөспірім) оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Жүк көлігі Өзбекстанда тіркелген, ал "Тойота" Алматы облысының тұрғынына тиесілі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ПД ұсынды


29 қаңтар 2022, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.