Атырау, 29 наурыз 10:15
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ауыр жүк көліктері салмақ​ талабын сақтамайды

Сурет
1 915 просмотра

Былтыр жол жүру талаптарын орындамаған ауыр жүк көлігінің жүргізушілері облыстық бюджетке 52 миллион теңге айыппұл төлеген. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қазір Атырауда көлік бақылау инспекциясы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ, полиция департаменті және «Ұлттық сапа» орталығымен бірлесіп ұйымдастырған ауыр жүк көліктерін тексеруге арналған «Жолдағы қабылдау» рейдтік шарасы өтуде.

Рейд республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүргізіліп жатыр, ауыр жүк көліктері тоқтатылып, автотаразы арқылы тиелген жүктердің  салмағы анықталады.

- Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көктем, жаз айларында шектік шаралар қолданылады. Бұл шаралар жоспар бойынша өтіп жатыр, - дейді  "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Аслан ДҮЙСЕНОВ.

Еске салсақ, «Жолда қабылдау» рейді барысында өткен жылы 2354 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, 357-сі ауыр салмақты автокөлікке тиесілі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

28 қаңтар 2022, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.