Атырау, 19 сәуір 15:37
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сотқа дейінгі ауыр жаза

Сурет Бейнежазба
2 524 просмотра

Сағат ЖОЛДАСОВ – «Динамода» соққыға жығылғандардың бірі. Ұсталғандардың басым бөлігі 488-бап бойынша әкімшілік жазаға тартылса, Жолдасовтың ісі Қылмыстық кодекстің 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздік») бойынша қаралып жатыр. Ол 12 қаңтарда ұсталып, 13-і күні облыстық ауруханаға тексеруге жеткізілді. Бүгінде жағдайы нашар болса да, тергеу изоляторында тергелуде және медициналық көмек ала алмай отыр.

«АЖ»-ға С.Жолдасовтың туыстары жүгінді. Олардың айтуынша, адвокаттың табандылығының арқасында ғана оны 13 қаңтарда дәрігерлерге көрсеткен. Рас, бұл күткен нәтижені бермеді. Оның үстіне, Жолдасовтың айтуынша, полицейлер оның денесіндегі көгерген іздерді белгісіз біреулердің шабуылы нәтижесінде пайда болғанын айтуды бұйырған.

- Оның зәрі сары-қызыл түсті болды. Бұдан басқа, Сағаттың белінің протрузиясы, басқа да созылмалы аурулары бар. Оны қабылдау бөліміне мүгедектер арбасымен апарған, бірақ ілесіп жүрген полицейлер оны орнынан тұрғызып, әрең қозғалса да, басын бұра алмайтын халде тұрса да, кабинетте өз аяғымен жүруге мәжбүрлеген. Ол анализ тапсырып, басын, кеуде қуысын және құрсақ қуысын рентген мен КТ-ға түсірген. Бірақ анализдің бәрі жақсы екенін, травматолог тек көгерген жерлерін жазып, ішкі ағзалары сау екенін айтты, – дейді ағасы Амандық. Жолдасовтың әпкесі анализге жіберілген банканы, қорытынды жазылған қағазды суретке түсіргісі келген, бірақ медбике «бұл үшін бәріне жақсы болмайтынын» айтып, рұқсат бермеген.

Туыстары егер дәрігерлер Жолдасовтың денсаулығының жай-күйі туралы нақты қорытынды шығарғанда, ол қазір дұрыс емін алған болар дейді сеніммен.

21 қаңтарда оны қайтадан аумақтық тұрғыда тергеу изоляторын қамтитын №4 емханаға тексеруге алып кеткен. Тексеру жұмыстары көкбауырының ұлғайғанын, зәрінде қан бар екенін көрсеткен. Бірақ оған көгерген жерге жағатын жақпадан басқа ем тағайындамаған. Қаңтардың 22-сі күні Жолдасовты ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира АЗИМОВАНЫҢ қатысуымен облыстық ауруханада белгілі бір сала мамандарына қаратқан. Олар оған демалыс керектігін айтып, тағы да жақпа май ұсынған.

Туыстары Эльвира Азимовамен кездесуге, одан кейін денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен кездесуге қатысты. Дәрігерлер Сергей ШУТОВТЫҢ мәселесін ғана қарастырғалы жатқандықтан, оларды екінші кездесуге жібергісі келмеген.

Жолдасовтың адвокаты Айбар ҚАСЫМБАЕВ бұлтартпау шарасына қатысты апелляциялық шағым түсірді. Өйткені ол медициналық көмекке мұқтаж клиентін қамауда ұстауға негіз жоқ деп санайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қаңтар 2022, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.