Атырау, 8 қазан 07:59
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 568 адам COVID-19 жұқтырды

1 496 просмотра

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын өсіп келеді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 568 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 396 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 61 науқас анықталды. Ал, 21 - Жылыой ауданында, 20 -  Индер ауданында, 14 - Исатай ауданында, 30 -  Қызылқоға ауданында, 16 - Құрманғазы ауданында, 5 - Мақат ауданында, 15 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 362 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 206 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 61 адам емделді.

Қазір 3443 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 42, модульдік ауруханада - 171, фтизиопульманологиялық орталықта - 30 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 48, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 501 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

20 қаңтар 2022, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.