Атырау, 13 қазан 13:32
 дождьВ Атырау +20
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Оралда жұмысқа келмей қалған қызметкер миллиондаған теңге өндіріп алды

70 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Орал қаласының №2 соты жұмыстан босатылғанын даулаған қызметкердің талап арызын қанағаттандырды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарған. Алайда тәртіптік жаза қолданғанға дейін жұмыс беруші одан жазбаша түсініктеме талап етпеген, ал мұндай процедура еңбек заңнамасында қарастырылған.

Сот жұмыстан босату заң талаптарын бұза отырып рәсімделген деген қорытындыға келіп, тиісті бұйрықты заңсыз деп таныды.

Нәтижесінде қызметкер бұрынғы жұмысына қайта тұрды.

Бұдан бөлек, оның пайдасына мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің қызметіне жұмсалған 350 мың теңге шығын өндірілді.

Төлемдердің жалпы суммасы 2,66 млн теңгеден асты.

Бүгін, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.