Атырау, 13 қазан 12:37
 дождьВ Атырау +20
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Еңбек дауы: жұмыстан шығарылған қызметкер сотта жеңіп, қайта жұмысқа орналасты

69 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Орал қаласының №2 соты жұмыстан шығарылуына дау айтқан қызметкердің талап арызын қанағаттандырды.

Іс материалдарына сәйкес, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарған. Алайда тәртіптік жаза қолданар алдында жұмыс беруші одан жазбаша түсініктеме талап етпеген. Бұл ретте еңбек заңнамасында мұндай рәсім міндетті түрде көзделген.

Сот жұмыстан шығару заң талаптарын бұза отырып рәсімделген деген қорытындыға келіп, тиісті бұйрықты заңсыз деп таныды.

Нәтижесінде қызметкер бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды.

Сонымен қатар оның пайдасына мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің қызметіне жұмсалған шығын ретінде 350 мың теңге өндірілді.

Төлемдердің жалпы сомасы 2,66 млн теңгеден асты.

Бүгін, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.