Атырау, 13 қазан 12:36
 дождьВ Атырау +20
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Қырғызстанда Kaspi банкінің есепшоттарын заңсыз сату схемасы анықталды

70 рет қаралды
видеодан скриншот 24kg
видеодан скриншот 24kg

Қырғызстан астанасында қазақстандық Kaspi банкінің аккаунттарын сатып алу және үшінші тұлғаларға беру бойынша ауқымды схемаға қатысы бар топтың әрекеті тоқтатылды. Өз атына шот ашқаны үшін азаматтарға 10 мың сом (шамамен 55 мың теңге) көлемінде сыйақы уәде етілген. Бұл туралы Centralmedia24 хабарлады.

Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының Тергеу қызметіне 13 адам жеткізілген:

  • 8 ықтимал дроппер — аккаунттар өз атына рәсімделген делдал тұлға;

  • 2 ұйымдастырушы-рекрутер — тапсырыс берушілерден алатын үлесі үшін адамдарды тартумен айналысқан;

  • 2 ықтимал тапсырыс беруші;

  • 1 такси жүргізушісі — логистикалық қолдау көрсеткен.

Схема қалай жұмыс істеген?

Адам тартушылар банк шоттары мен Kaspi қосымшасында аккаунт ашуға дайын азаматтарды іздеген. Тіркеуден өткеннен кейін бұл адамдар ақшалай сыйақы үшін аккаунттарға толық қолжетімділікті және банк карталарын үшінші тұлғаларға берген.

Құқық қорғау органдарының алдын ала болжамы бойынша, сатып алынған аккаунттар мынадай мақсаттарда пайдаланылған:

  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату);

  • заңсыз P2P аударымдарын жүзеге асыру;

  • интернет-алаяқтық қызметтері аясында қаражатты шығару операцияларын жүргізу.

Қазіргі уақытта Бішкек милициясы қаржылық желінің толық ауқымын анықтап, схемаға қатысушылардың барлығын іздестіріп жатыр. Сондай-ақ сатылған шоттар арқылы жүргізілген нақты қаржылық операциялар тексерілуде.

Бүгін, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.