Атырау, 8 қазан 07:55
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атырау облысында бір тәулікте 596 адам Covid-19 жұқтырған

1 820 просмотра

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өскені байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 596 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 422 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 26 науқас анықталды. Ал, 43 - Жылыой ауданында, 20 -  Индер ауданында, 10 - Исатай ауданында, 30 -  Қызылқоға ауданында, 15 - Құрманғазы ауданында, 15 - Мақат ауданында, 15 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 366 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 230 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 28 адам емделді.

Қазір 2063 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 32, модульдік ауруханада - 180, фтизиопульманологиялық орталықта - 18 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 40, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 395 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

17 қаңтар 2022, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.