Атырау, 8 қазан 07:52
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Қатты желден Индерборда шатыр ұшты

909 просмотра

15 қаңтарда сағат 14.32-де ТЖД диспетчеріне Индер ауданы Индербор кентінен Қонаев көшесі 17 мекенжайы бойынша мектеп шатыры, сондай-ақ  5 қабатты тұрғын үйдің шатыры бүлінгені туралы хабарлама түсті.

ТЖД қызметкерлері мектеп шатырының 828 шаршы метр алаңы ішінара бүлінгенін, ешкім зардап шекпегенін анықтады. Шатырды бекіту жұмыстары жүргізілді.

5 қабатты тұрғын үйде алаңы 974 шаршы метр шатыр ұшып кеткен. Ұшқан шатырдың бөлшектері электр бағанасын зақымдап, "Тойота-Камри 70" маркалы автокөлігінің үстіне құлаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД өңірде дауылды ескерту жариялануына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтап жүруді ескертеді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 қаңтар 2022, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.