Атырау, 28 қыркүйек 06:34
 ашықВ Атырау +16
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Әзірге алкоголь сатуға болмайды

1 389 просмотра

Атырауда ТЖ кезінде алкоголь өнімдерін сатқан 5 дүкен анықталды. Дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, Атырау облысында Төтенше жағдай режимі енгізіліп, жарлыққа сәйкес барлық жерлерде алкогольдік өнімдерді сатуға тиым салынған болатын.
Алайда, бұл шектеуге қарамастан өңірде алкогольдік өнімдерді саудалаудың 5 бірдей фактісі анықталған.

Мәселен, 9 қаңтар күні  Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан алкомаркеттердің бірінде 42 жастағы сатушының алкогольдік өнімдерді сатқандығы анықталды. Алкомаркеттің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен ( Төтенше жағдай режимiн бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 19-ына дейін өңірде коменданттық сағат енгізілді. Басқа шетеулермен қатар, алкоголь сатуға да тыйым салынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 қаңтар 2022, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.