Атырау, 8 қазан 07:58
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Қала маңындағы ауылдар жарықсыз қалды

1 683 просмотра

15 қаңтарға қараған түннен Атыраудың бірнеше ықшамауданында жарық өшіп қалды. Ал кейбір ықшамауданда жарық түнде сөнгеннен әлі қосылмаған.

Редакцияға хабарласқан Алмалы тұрғындары оған қоса су да жүрмей қалғанын айтты. 

Әйгерім, Алмалы түрғыны: 

- Жеке үйлерді өзіміз жылытатын болған соң, үй де салқындап кетті. Жарық бүгін таңертең Алмалының кейбір көшелерінде ғана қосылды. Жартысында әлі жоқ.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАР:

- Қатты желге байланысты түнде қаланың бірнеше бөлігінде апаттық жағдай орын алды. Мамандар түнімен жұмыс істеп олқылықты жоюда. Жасаған жұмыстардан кейін кейбір көшелерге түнде жарық қосылды. Дегенмен ауа райына байланысты қайтадан ажырап кетіп жатыр. Олқылықтарды жою бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қаңтар 2022, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған