Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Балықшыда құрамында есірткі бар дәрі сатқан әйел ұсталды. Оған айыппұл салынады

Бейнежазба
1 282 рет қаралды

“АЖ” редакциясына Балықшы ықшамауданында құрамында есірткі заттары бар дәрі еркін сатылып жатыр деген хабарлама  түсті. Осыған қатысты Полиция департаментіне сұрау салдық. Бірнеше күннен соң бізге Балықшыда осындай дәрі-дәрмек сатып келген 37 жастағы әйелдің ұсталғанын хабарлады. 

Тінту кезінде әйелден 160 пластина “Трамадол” және 150 тюбик “Тропикамид” өнімдері тәркіленген. Оған қатысты 70 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған ӘҚБтК-нің 426-бабы 1 тармағы ("Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар айналысы саласының қағидасын бұзу") бойынша хаттама толтырылды. 

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны ПД ұсынды

15 қаңтар 2022, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.