Атырау, 25 желтоқсан 21:49
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​ҚазТАГ Қазақстан үкіметіне жолдаған үндеуін жариялады

1 179 рет қаралды

Қазақстан үкіметіне үндеу!

ҚазТАГ ХАА Сізге Orda сайтын бұғаттау және Қазақстаның бірқатар өңіріндегі журналистердің ізіне түсу деректері бойынша жүгініп отыр.
Біз БАҚ-ты бұғаттау және журналистердің ізіне түсу – қайтадан дау туғызатын және әділетсіздікке бастайтын жол деп санаймыз, себебі журналистер - қоғам мен билік арасындағы жалғыз көпір.
БАҚ – бұл азаматтардың өз проблемалары мен уайымдарын үкіметке жеткізетін әзірге жалғыз мүмкіндігі. БАҚ – дұрыс сайлау органдары болмаған жағдайда өз пікірің мен ұсыныстарыңды жария ететін алаң.
Сізден БАҚ-тың сіздерге жау емес, дос екеніне назар аударуыңызды және соны есте сақтауыңызды сұраймыз. Қазақта «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» деген нақыл сөз бар. БАҚ-та өз елім деп жүрген патриоттар жұмыс жасайды.
Барлық меншік түрі және пікір иелерінен БАҚ-тың бұл үндеуіне қосылып, қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

«Ақ Жайық» редакциясы да ҚазТАГ ХАА үндеуін қолдайды.


13 қаңтар 2022, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.