
Тараз қаласында полиция қызметкері қызметтік автокөліктің терезесінен түкіріп жатқан сәтте видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желілерде бейнежазба тарағаннан кейін қызметкерге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Бейнежазбаны Instagram желісіндегі kris.p.original аккаунты жариялаған. Кадрлардан патрульдік көлікте отырған полиция қызметкерінің терезеден басын шығарып, жолға түкіргенін көруге болады.
Жазба авторы жолаушы орнында отырған екінші полицейдің кеудесіне тағылатын бейнетіркегіші көрінбегеніне де назар аударған. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, қызметтік көлік қауіпсіздік ережелерін сақтамай қозғала бастаған.
Видео жарияланғаннан кейін Жамбыл облысының полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде қызметкерге ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Материалдар соттың қарауына жіберілді.
В Атырау +15.6