Атырау, 8 қазан 10:31
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мырзағалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

1 128 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мағзұм Мырзағалиевті Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындау туралы Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ақорда

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.

«Тұран» университетін (1999) халықаралық экономист мамандығын, ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Куала-Лумпур және Хьюстон қалаларында 2 жылдық тәжірибеден өткен.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.

2000 жылдан - Ақмола облыстық орман жөніндегі басқармасының қаржылық және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы.

2001-2002 жылдары - МІ Drilling Fluids International ТБ жөніндегі менеджері;

2004 жылдан техникалық сатылымдар бойынша екілі;

2006 жылдан өндіріс жөніндегі менеджері.

2007 жылдан - «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010 жылдан бері - «ҚазМунайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі.

13 қаңтар 2022, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.