Атырау, 8 қазан 10:36
 ашықВ Атырау +24
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Әлия Назарбаева Қазақстандағы тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады

1 341 просмотра

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева Facebook-парақшасында елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Назарбаева Қазақстандағы қайғылы оқиғалар жүрегіне батып, уайымдатып отырғанын жазған.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендерге қалай қайғырып отырғанымызды жеткізер сөз жоқ. Қаза болғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл ауыр сабақ бәріміз үшін тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт заманда адамдар өлгені дұрыс емес. Мені қолдап жатқандарыңызға рақмет. Және қазіргі уақытта әкеме моральдық қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы күндері әр өңір тұрғындарынан көптеген хабарлама келіп жатыр", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Ол Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тіледі.

13 қаңтар 2022, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.