Атырау, 22 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Дикий Арман" екі айға қамауға алынды

1 114 рет қаралды

Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша "Дикий Арман" лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топты Алматыда арнайы операция барысында ұстаған болатын. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған. Оның келу мақсатын жедел тергеу тобы тексереді", - деді ІІМ өкілі.
11 қаңтар 2022, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған