
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды, жиынға қатысқан мәжіліс депутаттарының 89-ы бұл ұсынысты қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Бүгінгі күнге дейін Смайылов Қазақстан премьер-Министрінің міндетін атқарған еді.
Өз кезегінде мемлекет басшысы жаңа премьер-министрге сенім білдірді.
- Әлихан Асханұлының Қазақстан экономикасының болашағы туралы көзқарасы дұрыс. Нақты жоспары бар. Әлихан Асханұлы үкіметтің жұмысын жақсы біледі. Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарады деп сенемін, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әлихан Смайлов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген.
Білімі:
1994 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды.
1996 ж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
Еңбек жолы:
1993-1995 жж. – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы.
1995-1996 жж. – Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
1996 ж. – Қазақстан Республикасы президенті жанындағы жоғары экономикалық кеңесте тәлімгер.
1996 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
1998 жылдың наурыз-сәуірі – статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары.
1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор 1999 жылдың тамыз-қарашасы – Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде ұйымдастырушылық-қадағалау бөлімінің мемлекеттік инспекторы 1999 жылдың қарашасы – 2003 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының статиститка агенттігінің төрағасы.
2003 ж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі. 2003-2006 жж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.
2006 жылдың ақпаны – 2007 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.
2007 жылдың қаңтары – 2008 жылдың қарашасы – «Қазагро» Ұлттық холдинг» АҚ президенті.
2008 жылдың 21 қарашасы – 2009 жылдың 27 қазаны – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.
2009 жылдың 27 қазаны – 2014 жылдың 13 тамызы – Қазақстан Республикасының статистика агенттігі төрағасы.
2014 жылдың 13 тамызы – 2015 жылдың 11 желтоқсаны– ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті төрағасы.
2015 жылдың 11 желтоқсаны – 2018 жылдың 18 қыркүйегі– Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2018 жылдың 18 қыркүйегі – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.
2019 жылдың 25 ақпанынан – Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі.
2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Респбуликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.
В Атырау -10