Атырау, 8 қазан 15:31
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Тәртіпсіздік кезінде бизнеске 95 миллиард теңгеден астам шығын келді

798 просмотра

Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келген шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 95,3 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Sputnik  Қазақстан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

2022 жылдың 11 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша алматылықтардың шығыны 93,8 миллиард теңгеге жеткен.

"Байланыс орталығына 3 507  қоңырау түсті, соның ішінде: тонау мәселесі бойынша – 1 669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 671", - деп хабарлады "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Елдің 9 өңірінде зардап шеккен 1 709 нысанда орналасқан 1 528 бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында 1 578 нысанда орналасқан 1 408  субъект зардап шеккен.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 448; қоғамдық тамақтану – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2.

11 қаңтар 2022, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.