Атырау, 8 қазан 15:34
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Алматы әуежайы ашылуға дайын - Сағынтаев

916 просмотра

Алматы әкімі қала әуежайы қоқыс пен қирандыдан тазартылғанын және жұмысты қайта бастауға толық дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аппараттық жиналыс барысында Алматы әкімі қала әуежайындағы барлық жабдық қалпына келтірілгенін және жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.

"Оларға жұмыс істеу үшін интернет қажет болған. Сондай-ақ, әуежайдағы кәсіптік нысандар жұмысын бастаған жоқ. Біз лаңкестерге қарсы орталықпен келістік (әуежайды іске қосу бойынша - еск.). Түрксіб ауданын тазарту жұмыстары іс жүзінде аяқталды, жүргізілген шаралардың нәтижесі бар. Кеше кешке терминалдың ішкі бөлігін тазартуға рұқсат берілді. Әуежай басшылығы қоқысты шығарғанын, терминал жұмысқа және рейстерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді", - деді әкім.

Әкімнің айтуынша, қазір әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жұмысқа рұқсат берілді және күні бойы оны іске қосу бойынша шаралар атқарылады.

11 қаңтар 2022, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған