Атырау, 8 қазан 15:33
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

ҰҚШҰ әскерлері міндетін орындағаннан кейін Қазақстаннан шығарылады – Путин

1 021 просмотра

 Владимир Путин

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қазақстандағы жағдайға үйлесімді және жедел ден қоя білді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҚ елдері лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Қазақстанның мемлекеттілігіне отын бағасымен байланысты стихиялық митингтерден қауіп төнбегенін білеміз. Жағдайды ішкі және сыртқы күштер пайдаланып қалды", - деді Путин.

Оның айтуынша, Қазақстанда әрекет еткен содырлар шетелдік орталықтарда дайындықтан өткен, ұрыстарға қатысу тәжірибесі бар.

"ҰҚШҰ миссиясы шектеулі кезеңге енгізіліп отыр. Қазақстан басшысы қалай шешеді, солай аяқталады. Өз міндеттерін орындағаннан кейін бүкіл контингент Қазақстаннан шығарылады", - деді Ресей президенті.

10 қаңтар 2022, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған