Атырау, 29 наурыз 11:37
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мейн-кун Барыс жылымен құттықтайды

Сурет
1 934 просмотра

Біз әдеттегіше жыл символы туралы материал дайындауға тырысамыз. Бірақ Атыраудан барысты табу қиын ғой. Сондықтан оны мейн кунмен алмастыруды ұйғардық. Ол бұған лайықты деп ойлаймыз: жолбарыс жабайы мысықтар тұқымдасына жататын ең үлкен аң болса, мейн-кун үй жануарларының ең үлкені. Оларға тәкаппарлық, тәуелсіздік және бәсекелестеріне мүлдем төзе алмайтын мінез-құлық тән.

Ветеринар Диана НҰРТАЗИНАНЫҢ мысығының аты Айс Kрим (Ice Cream). Иә, бұл қатыгез әрі әдемі мысыққа балмұздақ деп ат қойыпты. Қаңтар айында 5 жасқа толады екен. Ол ересек мысық болып саналады, дегенмен ол өзін бала мысық секілді - Алан Милннің Винни Пух туралы ертегісіндегі Жолбарыс сияқты ұстайды.

- Айс асыл тұқымды мейн кун, көрмелерге де қатысты. Оның өте ақылды екені сондай, тіпті жай сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бәрі де солай айтатын шығар, бірақ шындығы сол. Ол мені бір сөзімнен-ақ түсінеді, дауыс ырғағыма қарай, жасап жатқан тентектігін әрі қарай жалғастыру керек пе, әлде кетіп қалған жөн бе, тез ұға қояды. Мейн-кундар биікте жатқанды жақсы көреді, олар жоғарыдан төменге қарап, өздерінің паңдығын көрсетеді, - дейді Диана. – Денесінің ірілігіне қарамастан, ол сөре бойымен бірде бір затты қағып кетпей, жүре алады. Бірақ ыңғайланып жайғасқан кезде, оның жайлы жатуына ештеңе кедергі болмас үшін бәрін төменге қарай түсіріп тастайды.

 

...Айс ұрысқанды ұнатпайды, сол үшін кек алады. Мәселен, Диана сөредегі барлық заттарды лақтырып тастағаны үшін оған ұрысқаннан кейін, ол иесінің сүйікті демалыс орнын «бүлдіріп» қойған. Алайда ол мұны өмірде, оған дейін де, кейін де, ешқашан жасамаған. Редьярд Киплингтің «Джунгли кітабында» жолбарысты зұлым әрі қорқынышты жануар ретінде бейнелегені бекер емес.

«Нәзік әрі мейірімді жануар» Айс еркелеткенді жақсы көреді, ол өзін сипағанды ұнатады.

Сотқар емес, бірақ оған бірдеңе ұнамаса, ашуына тигендерді оңдырмайды.

- Бізде емханада бір жағдай болды - қабылдауға өте озбыр мінезді мысықты әкелді. Ол ырылдап, бақырумен болды. Алдын ала Айсты басқа бөлмеге қамап қойған едік. Әлгі мысықтың дауысын естіген Айс бөлмені шырқ айналып, сыртқа шығуға жұмыстанды. Пациент-мысық кеткен соң біз мысығымызды босатып жібердік, сол кезде оған лабрадор үре бастады. Айс алдыңғы аяғымен оны қағып жіберіп еді, ит қыңсылап қоя берді.

Жаңа жылда Диана мен Айс мықты денсаулық, барша адамзат пен жан-жануарға жақсылық,  әрбір күннің бұрынғыдан жақсырақ болуын, әрқашан мақсатқа жету үшін мотивацияның болуын және арманның орындалуын тілейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Мысық иесі ұсынған суреттер

4 қаңтар 2022, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.