Атырау, 11 маусым 01:56
 дождьВ Атырау +22.8
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Атырау – Орал трассасының бір бөлігі жабылды

1 533 рет қаралды

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті республикалық маңызы бар Атырау – Орал тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы жабылғанын хабарлады.

«3 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап «ҚазАвтожол» АҚ БҚОФ мәліметі бойынша, ауа-райының нашарлауына байланысты (қарлы боран) Орал-Атырау республикалық маңыздағы автожолының учаскесінде (Атырау облысы шекарасынан Чапаев ауылына дейінгі 189-372 шақырымда) көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабылды», - делінген хабарламада.

4 қаңтар 2022, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.