Атырау, 20 сәуір 19:26
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Наразылық білдіріп Индер ауданы орталығының тұрғындары да шықты

Сурет Бейнежазба
2 185 просмотра

Кеше, 3 қаңтар күні жаңаөзендіктерді қолдаған жүздеген адам Индербор кентінің әкімшілігі маңына жиналып, наразылықтарын білдірді.

- Біз тек газдың қымбатшылығы емес, барлық қажетті заттардың шамадан тыс қымбаттауына наразымыз. Азық-түлік, құрылыс материалдары, одан қалса коммунальдық төлемдердің қымбатшылығы қатты әсер етуде. Депутаттар мен әкімдер миллиондап еңбекақы алады, ал қарапайым еден жуушы 60-ақ мыңмен күн көріге мәжбүр. Көп балалы, жағдайы төмен отбасылардың жағдайы мүлдем қиындап кетті. Жалға берілген үйдің өзі талапқа сай емес, сапасыз салынған. Зейнетақы, жалақы өседі дегеннен бұрын заттардың бағасы қымбаттап кетеді, - дейді талап қоюшылар.

Бота есімді келіншек АСП алудың өзінде үйдің барлық жағдайы тексерілетінін, оның өзі жарытымсыз екенін ашына жеткізді.

Жиналғандар орталықтағы Қонаев көшесін бір сағатқа жуық көліктерді өткізбей жауып тастады. Жолдың бойында көліктер кептеліп қалды.

- Әкім келсін, халықтың жоғын жоқтап, мұңын тыңдасын, - дейді көпшілік.

- Мәдениет үйіне барып, мәдениетті түрде сөйлесейік. Бұл жерге жиналып, көшені жаппаңыздар. Бұл заңсыз. Егер талаптарыңыз болса, жазбаша түрінде де беруге болады, - деді Индер ауданының әкімі Салауат ӨТЕҒҰЛОВ. Полиция да халыққа тарауға өтініш білдірді.

Толқыған халық төрт жарым сағат суыққа қарамастан далада тұрды. Олар әкімдікке хат жазып, 4 қаңтар күні қайта жиналатын болып тарқасты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

4 қаңтар 2022, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.