Атырау, 8 қазан 17:40
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ақтөбе-Астрахань трассасында бекіре балығы тиелген көлік ұсталды

1 814 просмотра

Ақтөбе-Астрахань трассасында Атырау облыстық ПД қызметкерлері браконьерлік жасады деп күдіктелген 30 жастағы ер адамды ұстады. Ер адамның көлігінен 70 келідей бекіре тұқымдас балық табылды. 

«21 желтоқсанда шамамен 12:50-де 30 жастағы ер адамның көлігінен полиэтилен пакетіне салынған 23 дана бекіре тұқымдас балық табылған. Қылмыстық іс-әрекетті Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шара бойынша «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтаған», - делінген хабарламада. 

Аталған 23 дана бекіре тұқымдас балықты «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» зауытына тапсырған кезде, жалпы салмағы 67 кг 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталған. 

«Қазіргі уақытта көрсетілген факті бойынша, ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 5-тармағында қарастырылған қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, полицейлер тәркілеген заңсыз ауланған балық бекіре зауытына тапсырылады. Одан соң, сот үкіміне сәйкес мемлекет пайдасына сатылады. 

28 желтоқсан 2021, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.