Атырау, 8 қазан 17:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Тұмсығынан сақтануға тура келді»: ТЖД қызметкерлері бірқазанды құтқарып қалды

1 628 просмотра

Баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 желтоқсанда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары айналма көпір астынан қанаты зақымданған бірқазанды анықтады.

«Оның қанаты сынған секілді. Сол себептен, ол ұшып кете алмаған. Қашып та кетуі мүмкін емес, мұз тайғақ болатын. Сөйтіп оны біз ұстап алдық. Оның тұмсығынан сақтануға тура келді», - деп әңгімелейді бас құтқарушы Есболат Каюпов. 

Бірқазанды Атыраудағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне табыстаған. Ол жерде оған қыстап шығу үшін бар жағдай жасалады. Көктемде қар еріп, өзен мұзы түскен кезде Қызыл кітапқа енген бірқазан бостандыққа жіберіледі. 

28 желтоқсан 2021, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.