Атырау, 8 қазан 17:40
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Көлік тізгініндегі «құтырған әйелден» сақтасын

1 679 просмотра

25 желтоқсанда сағат 07:05 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері кафелердің бірінің алдынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі әйел адамның ішімдік ішіп отырып, сол күйде көлікті басқарып кеткенін байқайды. Шақыртылған патрульдік полицейлер оны Вокзал маңы 5 мөлтек ауданы, 11-үйдің тұсынан тоқтатты.

Тексеру барысында 32 жастағы әйел адам орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды – оның үстіне ол бұрын да осындай кінәраты үшін көлік басқару құқығынан айырылған.

Сол күні сағат 18:28 ЖБО бейнебақылау қызметкерлері Досмұхамедов көшесіндегі бір дүкеннің тұсына патрульдік полиция қызметкерлерін жіберді – онда 42 жастағы жүргізуші әйел ішімдік сатып алып жатқан, сол кезде мас күйде болғаны анықталды. Ол да бұрын осындай құқықбұзушылық үшін көлік басқару құқығынан айырылған екен. Енді екеуі де әкімшілік қамаққа алынып, көп мөлшерде айыппұл төлейтін болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 желтоқсан 2021, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.