Атырау, 8 қазан 19:50
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Метадон нашақорлықтан құтқара ма

1 794 просмотра

2017 жылдың шілдесінен бастап Атырауда жүзеге асырылған алмастырушы қолдаушы терапия бағдарламасы аясында тамырға егетін нашақорлар біртіндеп дозасын азайта отырып метадон синтетикалық дәрісін ала бастады.

Бастапқыда бағдарламада сегіз қатысушы болған. Алайда оны барлығы сәтті аяқтай алмады. Облыстық наркология диспаенсері қызметкерлерінің айтуынша, біреуін жолдан ескі таныстары тайдырып, үш жыл жарым мерзімге түрмеге тоғытылса, тағы бірін нашақорлықтан алкогольге әуестеніп алғаны үшін бағдарламадан шығаруға тура келген.

Дегенмен, адамдардың біртіндеп жағдайын түзеп, жұмысқа орналасып, үнемі тексерістен өтіп тұратындары да бар.

Соңғы рет мен наркологиялық диспансерге 2019 жылы барған едім. Ол кезде бағдарламаға 9 адам қатысып жатқан. Бағдарламаға қатысудың белгілі бір мерзімі жоқ, әр адам өз қалауынша қатысады. Қазір жеті адам бар екен, оның біреуі сол ең бірінші командадан келе жатыр.

Барлық қатысушылар енді ешқандай психо-белсенді заттарды қолданбаймыз деген келісімшартқа қол қояды. Оларға наркодиспансерде тек метадон егіледі. Әр ай сайын тексерістен өтіп, сараптамаға қан тапсырады. Бірақ бәрі шыдай алмайды. Екі қыз келісімшарттың талаптарын сақтамай, ішімдік ішіп, тыйым салынған заттар пайдаланғандары үшін кетіп қалған екен. Олар дәрігерлер мен жолдастарының бірнеше рет қайталанған ескертулеріне де құлақ аспаған. Тыңдамаған. Бағдарламадан кеткен. Кейін өмірден де кеткен.

Тағы біреуі бағдарламадан басқа қалаға көшуіне байланысты кеткен, енді біреуі жұмысқа орналасқан, сондықтан диспансерге күн сайын келе алмай жүр. Тағы бір ер адам осы бағдарламаның арқасында ауыр есірткі заттарын қолданудан арылған – оның отбасы, балалары бар, оларды асырау керек. Дегенмен, арасында жеңіл түрлерін пайдаланады екен, себебі, тәуелділіктен бірден айрылу мүмкін емес, сондықтан да бағдарламаға қайта оралғысы келмейді. Дәрігерлер тәуелділіктен толықтай арылған жандар туралы мақтана айтады – біреуі бірнеше жыл таза болса, екіншісі бір жыл есірткі қолданбайды екен. Олардың бірі Эрик туралы мен екі жыл бұрын жазып едім. Ол сол кезде дәрігерлерден метадонның мөлшерін біртіндеп азайтуды өтінген. Қазір Эрик таяқсыз жүреді, дегенмен ақсақтығы білінеді –  құрамында «наша» бар деп жөтел мен қызудың дәрілерін іші бергені бар. Жұмыс жасамайды, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алады. Ең бастысы, нашаның соңында емес, дұрыс өмір сүруде.

Бағдарлама локдаун мен санитарлық талаптар қатаң кезде де жұмысын тоқтатқан жоқ. «Амансаулық» қоры өз емделушілерін маскамен, бір реттік қолғаптармен, антисептиктермен қамтамасыз етіп отырды. Олар тіпті сүт, ет, жармалар, жуатын заттар да алып отырған. Ешкім метадон қабылдаудан қашқан жоқ әрі коронавируспен де ауырмады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 желтоқсан 2021, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.