Атырау, 8 қазан 19:55
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Атырау» ФК-ның спорт директоры өз жерлесіміз болды

1 546 просмотра

«Атырау» футбол клубының спорт директоры қызметіне Денис РОДИОНОВ тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Ол Атыраудың футбол мектебінің түлегі. «Атыраудың» негізгі құрамында Родионов 146 кездесу өткізіп, 15 гол соққан.

- Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасының сапында 13 ойын өткізіп, есебінде бір гол бар. Денис Родионов футболдағы мансабын аяқтағаннан кейін «Атырау» ФО жаттықтырушысы және жастар командасы бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді, - деп хабарлады клубта.

Қазір «Атырау» ФК басшылығы толықтай жасақталды. Жаңа басшылық пен жаңа жаттықтырушы келген команда қандай нәтиже көрсететінін көрелік. Бұған дейін көп жыл бойы оңбап еді...

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 желтоқсан 2021, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.