Атырау, 8 қазан 19:47
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Атырау облысында бір тәулікте 7 адам Covid-19 жұқтырған

1 457 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 6 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында  - 2 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 6 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 1 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 18 адам емделді.

Қазір 70 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 48, аудандық инфекциялық стационарларда - 12 адам емделіп жатыр. Ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

22 желтоқсан 2021, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.