Атырау, 8 қазан 17:36
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Бір ай Теңізде жұмыс жасап, бір ай демаламын. Босқа жатып қайтемін?»

1 689 просмотра

28 жастағы Индербор кентінің тұрғыны Алтынбек ДҮЙСЕМБИЕВ кір сабын шығарумен айналысады. Бұл шағын кәсіпті Теңізде вахталық әдіспен жұмыс жасай жүріп қатар жүзеге асырып отыр.  

- Теңізде жұмыс жасаймын, бір ай еңбек етіп, бір ай демалыста боламын. Осы бір айда үйде бос жатқан жараспас деп ойладым. Ойланып жүргенімде, жездем Арман НАДЕШЕВ (суретте) маған кәдімгі кір сабын шығарайық деген ой салды. Тұрмысқа қажетті зат, базар мен дүкенде Самарадан жеткізілген кір сабынның бағасы 180-250 теңге тұрады. Сөйтіп, осы кәсіпті қолға алуды ұйғардық, - дейді Алтынбек.

Бастапқы бір жыл өздері құрған «Алтын» ЖК құжат жасақтаумен, бизнес-жоспар жасаумен кетті. Сол кезде қайтарымсыз грант - 4 млн 700 мың теңге иеленді. Осының өзі көп көмек болды. Бастапқыда астанадан әкелген шағын цехтың өнімі айтарлықтай болмады. Табандылықтың арқасында жергілікті деңгейде еңбекті ақтайтын жоғары сапалы 75 пайыз майлылығы бар кір сабын жасап шығарды.

- Индер ауданының тұрғындары үшін ұсынып отырған біздің өнім саттықтағы сабыннан еш кемі жоқ әрі арзан, - дейді Дүйсембиев. Жас кәсіпкер алдағы уақытта сабын бизнесін кеңейтіп, дамытуды көздеп отыр. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, оған сәттілік тіледік.          

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

28 желтоқсан 2021, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.