Атырау, 5 қазан 13:24
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраудың белсенділері білімін толықтырды

Бейнежазба
1 780 просмотра

Атырауда жергілікті азаматтық белсенділерге арналған «Мониторинг және эдвокаси» тақырыбында үш күндік тренинг өтті. Эдвокаси - азаматтардың құқықтары мен мүдделерін олардың өміріне ықпал етуі мүмкін шешімдерді қабылдау процестеріне қатысу арқылы қорғау бойынша қызмет. Шараны Еуропа одағының қаржылай қолдауымен «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» жобасы аясында «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» ұйымдастырды.

«Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» президенті Жібек Ахметованың (суретте) айтуынша, жоба елімізде биылғы мамыр айынан бастап жүзеге асырылып келеді және Қазақстанның батысындағы ауылдарда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

Тренинг үш модуль бойынша өтті: қоғамдық мониторинг, эдвокаси негіздері және құқықтық сауаттылық. Тренер ретінде «Zertteuresearchinstitute» ҚҚ құрылтайшысы, мемлекет бюджеті саласының сарапшысы Шолпан Әйтенова, журналист, «Мінбер» ҚҚ директоры Есенгүл Кәпқызы, «Мейірім» ҚҰ төрағасы Александр Муха, Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Дживага, журналист, QOSlive жобасының авторы Айнұр Қоскина, журналист, «Тілші» жобасының авторы Асқар Ақтілеу сөйледі.

Олар қатысушыларға өңірдің өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныс беруін сұрады. Сабақтар қызық өтті, қатысушылар құнды ақпарат алды.


Айнұр САПАРОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 желтоқсан 2021, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.