Атырау, 5 қазан 13:28
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Газшылар тарифті көтеруді сұрағанмен, баға төмендеді

1 610 просмотра

2022 жылдың 1 ақпанынан 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы тұтынушылардан өз қызметі үшін 1000 текше метрге 1133,39 теңге алады. Негізінен филиал ТМРКД-нен бұл кезеңге мүлде басқа баға сұраған – мың текше метр үшін 3849,05 теңге. Департамент қызметкерлері болса, керісінше, қазіргі қолданыстағы тарифті төмендетті.

Бұл жағдайды Атырау облысы бойынша ТМРКД былайша түсіндіреді: «Биылғы шілде айында «ҚТГА» АҚ АтӨФ өткен бес жылдағы тариф мерзімінің аяқталуына байланысты (2016-2020 жылдарға арналған тариф 1769,42 теңге болса, биылғы 1 қыркүйектен бастап 18% төмендеп, 1449,4 теңгені құраған еді) таратушы құбыр жолдары арқылы газды тасымалдау реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті алдағы бес жылға (2022-2027) текше метріне 3 849,05 теңге мөлшерінде 118 % өсіммен бекіту бойынша Департаментке өтінім ұсынды. Ұсынылған өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарына және Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес қаралды. Мәслихат депутаттарының, энергетика және ТКШ басқармасының, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен жария тыңдаулар өткізілді. Департамент 1.02.2022 жылдан бастап 31.01.2027 жылға дейінгі кезеңге газ тарату құбырлары арқылы тасымалдау бойынша реттелетін қызметке тарифті текше метріне 1133,39 теңге мөлшерінде бекітті».

Еске салайық, осыған дейін табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінде газшылардың өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілген еді. Ол жерде белсене қатысқан «Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау және бәсекелестікті дамыту» ҚҚ президенті Балжан Досмұхамбетова олардың ұсыныстары мен ескертулерінің біразы есепке алынғанын хабарлады.

- Енді ҚР табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысындағы тұтынушылардың барлық санаты үшін газ бағасын төмендету керек, - дейді Б.Досмұхамбетова.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

 

 

14 желтоқсан 2021, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.