Атырау, 5 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау облысының әкімі: “Әрине, Хаменованың ұсталғанын естіп, көңілім түсіп кетті. Дегенмен тергеу нәтижесін күтейік»

2 609 просмотра

ҚР Үкімет отырысы өткен залдан тыс жерде Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғанын естіп, көңілі түсіп кеткенін айтты. Белгілі болғандай, әзірге ол ресми түрде жұмыстан қуылмаған.

- Әрине, көңілім түсті. Хаменованың орнына ешкім отырған жоқ, оның қызметтік міндеттері басқа орынбасарлар арасында бөлінді. Тергеу жүріп жатыр, нәтижесін күтеміз. Мені әзірге жауап алуға шақырған жоқ. Ұсталғаннан кейін онымен тілдескенім жоқ, - деді М.Досмұхамбетов.

Облыс әкімі соттың айыптау үкімі шыққаннан кейін жұмыстан кететінін тағы бір мәрте қайталады

(бұл жерде Таубаев пен Нұрлыбаевқа да қатысты екенін ұмытпайықФ.А.).

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Хаменованың әзірге жұмыстан қуылмағанын мәлімдеді.

- Соттың ресми қаулысы келмегендіктен әкім ол кісіге қатысты әзірге ешқандай шешім қабылдамады, - деп хабарлады ақ үйдегілер.

Фархат АБИЛОВ

14 желтоқсан 2021, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.