Атырау, 5 қазан 13:29
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Академик Зиманов – қолында Конституция, үстінде жақсы көретін пальтосы

Сурет
2 255 просмотра

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Салық Зимановтың туғанына 100 жыл. Осы атаулы күнге орай 13 желтоқсанда Нұрсая ықшамауданындағы аллеяда оның құрметіне ескерткіш ашылды.

Шараға Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты Нәзилә Раззак, қоғам қайраткері Ирак Елекеев, Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі Сәрсенбай Еңсегенов және Салық Зимановтың келіні Жанна Зиманова қатысты.

Салық Зимановқа арналған ескерткіштің авторы мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

- Конкурсқа өз жұмысымды дайындау үшін  Салық ақсақалдың өмірін көп зертедім, табиғатын түсінуге тырыстым. Оның мінезі сабырлы, ешқашан ашуланбайтынын, күлімдеп жүретінін білдім. Киімді де аса талғампаздықпен арнайы тапсырыспен алып киетінін ескеріп, үстіне өзінің жақсы көретін пальтосын жаптым дейді, - дейді Б.Мұхамеджанов.

Ескерткіш қоладан жасалған, тұғырмен бірге оның жалпы биіктігі – 4,1 метр.

Ал Нұрлан Балғымбаев атындағы даму және коммуникациялар орталығында өткен «Салық Зиманов және қазақ мемлекеттілігі: тарихы мен құқықтық дамуы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қатысушыларды ҚР жоғары сотының төрағасы Жақып АСАНОВ онлайн түрде құттықтады.

- Академик Салық Зимановтың өмір жолы тәуелсіз Қазақстанның құрылуымен, Конституцияның дайындалуымен тығыз байланысты. Оның ақиқат пен әділдікті басшылыққа алған ұстанымы бүгінгі судьялар үшін айнымас қағида. Атадан қалған бітімгершілік дәстүрі бүгінде жалғасын табуда. Азаматтық процесте адамдардың татуласуына барынша мүмкіндік жасалып, судьяның белсенділігі мен жауапкершілігі артып келеді. 2019 жылға дейін әрбір 9 шы іс бітіммен аяқталса, қазіргі кезде әрбір 3-ші іс татуласумен аяқталады, - деді Ж.Асанов.  

Сонымен қатар, Нұрсаядағы №37 мектепке академиктің есімі берілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

14 желтоқсан 2021, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.