Атырау, 5 қазан 15:23
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау облысында бір тәулікте 15 адам Covid-19 жұқтырған

1 623 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 15 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 13 жағдайы расталды. Исатай ауданында  - 1, Құрманғазы ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 11 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 4 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 4 адам емделді.

Қазір 140 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 62, аудандық инфекциялық стационарларда - 21, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 14 науқас ем алып жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

8 желтоқсан 2021, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.