Атырау, 11 маусым 03:26
 дождьВ Атырау +20.8
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Киік үшін жауап бересің

1 843 рет қаралды

Атырау облысында "Киік - 2021" ауқымды табиғат қорғау акциясы басталды. Бұл туралы брифингте Жануарларды қорғау комитетінің Батыс өңірі бойынша филиалының директоры Арман ҚОЖАХМЕТОВ хабарлады.

Оның айтуынша, жыл басынан бері киікті заңсыз аулаудың 8 фактісі тіркеліп, 7 киіктің ұшасы мен 750 мүйіз тәркіленді. 6 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, табиғатқа келтірілген жалпы шығын 1 млрд 656 мың 685 теңгені құрады.

Айта кетейік, "Қызыл кітапқа" енген киіктерді заңсыз аулау елімізде заңмен қудаланады. ҚР ҚК-нде киіктерді заңсыз аулағаны, сатып алғаны, сақтағаны, өткізгені, олардың бөліктерін тасымалдағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 желтоқсан 2021, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.