Атырау, 20 сәуір 08:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Мұқағали» фильмі халықаралық фестивальден жүлде алды

1 535 просмотра

Атыраулық әртіс Асланбек Жанбалаев басты рөлді сомдаған, режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі «Қараңғы түндер» атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. 

Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салатантында жария етті. 

- Фильмнің поэзиялық тілі мен ерекше көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды, - деді Эстонияның діни ұйымдары өкілдері кірген экуменикалық қазылар алқасы.

Әділ қазылар алқасының экуменикалық жүлдесі - 1973 жылдан бері әртүрлі халықаралық кинофестивальдерде ұсынылып келе жатқан тәуелсіз кино марапат болып саналады. Сыйлықты христиан кинематографистері, кино сыншылары және кино түсірумен айналысатын басқа да мамандар жасаған. Бұл сыйлыұқ фильмнің көркемдік сапасы үшін де, діни, әлеуметтік және гуманистік мәселелер үшін де беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуынды аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазды. Аталған кинотуынды биыл жылы 21 қазанда прокатқа шыққан болатын. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 қараша 2021, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.