Бүгін, 25 қарашада түнде Жылыой ауданы Құлсары қаласында бір әйелдің өлігі табылды.
35 жастағы әйелді бірнеше жерден пышақтап кеткен. Әйел ауыр жарақатының салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза болды. Қылмыстың себебі анықталуда. Қайтыс болған әйелдің артында жолдасы, жеті баласы қалды.
Осы қылмысқа қатысты деген күдікті, Жылыой ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам ұсталып, уақытша қамаққа алынды.
Облыстық ПД баспасөз қызметі нақты ақпаратты кейін айтатынын мәлімдеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА