Атырау, 24 қараша 23:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Қырымға жеткізілетін "С-350" зенит кешенін "Байрактарға" қолдануы ықтимал

1 554 просмотра
С-350 зенит кешені

Украинаның әскер, конверсия және қарусыздану орталығы директорының орынбасары Михаил Самусь Ресейдің Қырымға С-350 зенит-зымыран кешенін әкудегі мақсаты Украинаның Қара теңіздегі "Нептун" зымыран кешеніне нысана көрсетіп тұратын "Байрактарды" атып түсіру деп санайды. Ол бұл жөнінде Азаттықтың Крым.Реалии жобасына берген сұқбатында айтты.

- Менің ойымша С-350 "Байрактарды" көре алады,"Байрактар" да, "Акинчи" екеуі ұшқышсыз ұшатын үлкен аппараттар. Батыс технологиясы пайдаланылуы мүмкін бұл жаңа кешенді сол үшін жіберіп отыр,– дейді Самусь.

Алайда, кей әскери сарапшылар "Витяьдің" мүмкіндігіне күмәнданады. Олардың сөзінше, әуе күштеріне қарсы қарулардың, әсіресе Ресей қаруларының ең әлсіз тұсы - әрең байқалатын нысаналарды анықтай алмайтынында. Ал қазіргі дрондар барынша байқалмайтындай етіп жасалған.

"Түріктердің "Байрактары" секілді қазіргі заманғы дрондар мүлде көрінбейді. Оларды атып түсіру үшін радиолокация станциялары көруі керек. Ол өте қиын" дейді Ресейдің әскери сарапшысы Юрий Федоров.

Ресейдің Оңтүстік әскери округінің қолбасшысы Александр Дворников биыл қарашаның бас кезінде жаңа буындағы С-350 зенит кешені көп ұзамай Қырымға жеткізілетінін хабарлаған.

Оның сөзінше, қазір Қырым түбегіндегі Ресей әскери әуе күштері мен әскери әуе қорғанысы күштері 100 пайыз соңғы әскери технологиямен жабдықталған.

С-350 "Витязь" – Ресейдің зенит-зымыран әскеріне арнап жасалған көп арналы, орта қашықтыққа ұшатын ұтқыр зымыран жүйесі. Кешен аэродинамикалық және баллистикалық қарулармен күреске арналған. Кешеннің бір құрылғысында 12 зенит зымыран бар.

"Витязь" 60 км жердегі нысананы жоя алады. Қырымда Ресейдің "С-400" кешені де бар, ол 400 км-дегі нысананы жоя алады.

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников келесі жылы да Украинаның Түркиядан "Байрактар" ұшқышсыз кешенін сатып алуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. 26 қазанда Украина қарулы күштері "Байрактарды" Донбасс маңында қолданып көрген.

Түркияның ұшқышсыз басқарылатын "Байрактар" аппаратын 2020 жылы күзде Әзербайжан Таулы Қарабақ жанжалында қолданған. Сарапшылар "Байрактар" Қарабақ конфликтісінде Әзербайжанның әскери күшіне елеулі ықпал етті деп санайды. Осы конфликтіден кейін Украина Түркиядан "Байрактарды" сатып ала бастаған.

Дереккөз: Azattyq.org

22 қараша 2021, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.