Атырау, 9 қазан 04:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Субұрқақты адамдар көп жиналмас үшін ажыратқан

1 534 просмотра

Жүзбелі субұрқақ салу құны - 808 миллион 674 мың теңге. Нысан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында. 

«АЖ» жүзбелі субұрқақтың жұмыс режимі мен сақталуына қатысты сауалына жауап алды. 

– Бұл субұрқаққа қалалық ТКШ бөлімі қызмет көрсетеді. Жайық өзенінде мұздың қатуына байланысты субұрқақты пайдалану және жабдықтың істен шығуының алдын алу ережелеріне сәйкес, ол бөлшектеліп, жылы жерге көшірілді. Бөлшектелген субұрқақ күн жылынғанша Дамба ауылындағы өзен порттарының бірінің аумағындағы күзетілетін базада сақталады. Көктем келгенде субұрқақ кері орнатылады. Былтыр да дәл осылай бөлшектеліп, көктем түскенде өзенге кері орнатылды, – дейді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Мұхтар САҒЫНДЫҚОВ

Сондай-ақ, жауапта ТКШ субұрқақтың жылы күндері – мереке және демалыс күндерінде пандемияға және карантиндік шектеулерге байланысты адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін өшірілгенін түсіндірген. 

Айнұр САПАРОВА

22 қараша 2021, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.