Атырау, 9 қазан 04:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Күшікті ажалдан арашалап қалды

1 736 просмотра

Әлеуметтік желіде ер адамның өзенге кеткен күшікті құтқарып жатқаны түсірілген видео тарады. Күшікті пластик пакетке салып, оған тас байлаған. 

Бейнежазбаға пікір қалдырғандар бұл балалардың ісі деседі. Оны өтіп бара жатқан әйел адам байқап қалып, ұрысқаннан кейін, олар қашып кеткен. Ал әйел күшік туралы Мұқаш есімді жергілікті еріктіге хабарлаған. Ол күшікті судан шығарып, жамылғыға орап, құтқарып алды. Құтқарылған күшікті Ихтиандр деп атады. Қазір емін, екпелерін алып жатыр. Атырау облыстық ПД хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына (Жануарларға қатыгездік жасау) сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Айнұр САПАРОВА

22 қараша 2021, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.