Атырау, 9 қазан 04:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Мәдениет саласы қанша қаражат жұмсады

1 389 просмотра

«АЖ» әкімдіктің осы жылы түрлі көпшілік-мәдени шараларға қанша бюджет қаражатын жұмсағанын тексерді. Мемлекеттік сатып алулар порталының мәліметі бойынша, Атырау облысы мәдениет басқармасының 2021 жылға арналған жалпы сатып алу көлемі 2 млрд-тан астам теңгені құрады.

ТЕАТР ҚАЙДА ЖҰМСАДЫ?

25 ақпанда Мәдениет басқармасы М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрымен 181,5 млн теңгеге келісімшарт жасады. Бүгінде бұл сомадан 79,7 миллион теңге игерілді. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жұмсалған қаржы – 19,3 миллион теңге.

22 наурызда Наурыз мейрамын тойлауға бюджеттен 25,2 миллион теңге бөлініп, іс жүзінде 9,3 миллион теңге игерілді. 

Х.Досмұхамедұлы атындағы университетте ғылыми конференция өткізуге театр 8 миллион теңге жұмсады. Марқұм жазушы Р.Отарбаев туралы фильм түсіруге 11,8 миллион теңге, оның 65 жасқа толған мерейтойына 7,2 миллион теңге, Халықаралық театр күніне 11 млн теңге және т.б. жұмсалған. 

 

САНДАРДАҒЫ МУЗЫКА 

23 ақпанда облыстық мәдениет басқармасы 2021 жылға мәдени-мерекелік іс-шаралар өткізу қызметтері үшін Д.Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрімен 67,6 млн теңгеге келісімшартқа отырды. 

Бүгінде бұл сомадан 20,2 млн теңге игерілді. Атап айтқанда, оркестрге онлайн-концерттер өткізуге 500 мың теңге жұмсалған. 

Бұдан басқа, оркестрдің 30 жылдығына 3 миллион теңгеге, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына 6 миллион теңгеге «Тәуелсіздік тұғырым» атты концерт ұйымдастыру жоспарлануда.

 

КӨРІСУ ҚАНША ТҰРАДЫ? 

25 ақпанда облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру орталығымен 2021 жылға 138 миллион теңгеге келісімшарт жасалды.

Қараша айында бұл келісімшарт сомасы 171,7 млн теңгеге дейін көбейді. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – тірегім» атты театрландырылған мәдени шараны өткізуге 58,7 млн теңге бөлу жоспарлануда. 

Бүгінгі таңда орталық 118,6 млн теңге жұмсаған. Атап айтсақ, наурызда Көрісу мейрамын тойлауға 18,5 миллион теңге жұмсалды. Бата оқудан республикалық байқауға – 12 миллион теңге, Алғыс айту күніне – 3 миллион 400 мың теңге. Жеңіс күніне арналған мәдени шараға – 4 млн теңге, мемлекеттік рәміздер күніне – 6,7 млн теңге. Облыстық халық шығармашылығы орталығының 60 жылдығына арналған салтанатты шараға – 6 млн теңге, Конституция күніне – 7,2 млн теңге, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне тағы 6,6 млн теңге.

 

5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК КӨРМЕ 

22 ақпанда Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайымен 16,6 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылып, 4,9 млн теңге игеріліп, кейін тараптардың келісімі бойынша шарт бұзылған. Берілген есепке сәйкес, бұл сомаға мектеп оқушылары арасында «Еңсесі биік – Елорда!» атты облыстық байқау-көрме ұйымдастырылған.

 

БАЙҚАУЛАР, КОНЦЕРТТЕР ЖӘНЕ 8 НАУРЫЗ 

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониямен әкімдік 216 млн теңгеге келісімшартқа қол қойған. Кейін ол 101,1 млн теңгеге өзгертілді. Бүгінде 79,4 млн теңге төленді. 

Атап айтсақ, өнерпаз Мекес Төрешов атындағы «Көрінген сонадайдан Нарын еді ...»  атты дәстүрлі әншілер арасындағы ІІ республикалық байқауға 19,7 миллион теңге жұмсалды. 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мәдени шараға 11 миллион теңге, Астана күніне 7,1 миллион теңге жұмсалды. 

22 ақпанда филармония 29,3 млн теңгеге келісімшарт жасаған. Оның ішінде 8,8 млн теңге игерілді. Қаражат қарттар үйінде «Қарттар елдің қазынасы» атты қайырымдылық концертіне – 1,9 млн теңге, Балаларды қорғау күніне арналған фестивальға – 2,9 млн теңге, облыстық «Тәуелсіздік қарлығаштары» ән байқауына – 4 млн теңге. 

Айнұр САПАРОВА

22 қараша 2021, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.