Атырау, 9 қазан 04:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Атырау» футбол клубына жаңа директор келді

1 647 просмотра

20 қарашада Әділбек НҰРЛЫҒЫЖИЕВ «Атырау» Спорт клубы» қоғамдық қорының басшысы болып тағайындалды. 1999-2013 жылдар аралығында қала әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып, ТКШ және құрылыс секілді күрделі салаларға жетекшілік еткен ол қала тұрғындарына жақсы таныс.

Әкімдіктен кеткеннен кейін ұзақ уақыт түрлі құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. «Атырау» ФК хабарлағандай, одан бұрын клубқа басшылық еткен Азат ҚАЗИХАНОВ қызметінен өз еркімен кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Атырау» жанкүйерлері команданың осы маусымдағы нәтижелерінің төмен болуына байланысты спорт клубы басшылығы мен бапкерлердің отставкаға кетуін әлденеше рет талап еткен болатын.

Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін «Атырау» ФК бас бапкері Арам ВОСКАНЯНМЕН жасалған келісімшарт ұзартылмайтыны белгілі болды. Қазір жаңа бас бапкер іздестіріліп жатыр.

Қазір клубтың жаңа директорын іздеcтіру жүріп жатыр. Ұлыбританияда (валиялық «Кардифф Сити» клубы) және Боснияда ("Сараево") футбол селекционері болып жұмыс істеген, 2017-2018 жылдары «Қайрат» футбол клубының бас директоры болған 31 жастағы Алишер АПСАЛЯМОВТЫ тағайындамақ болған. Бірақ әлдене үйлеспеген.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі «Атырау» ФК-ның бұрынғы директоры Қоныспай Шпанов пен спорт директоры Нұртаза ӘБІЛХАНОВТЫҢ клуб құрылымында қалмайтынын хабарлады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 қараша 2021, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.