Атырау, 9 қазан 04:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысында Pfizer вакцинасы салына бастады

Сурет Бейнежазба
1 741 просмотра

20 қарашада Атырау қаласында мектеп оқушылары мен жүкті әйелерге, бала емізетін аналарға Pfizer вакцинасын егу басталды.

Шараның маңыздылығын ескере отырып, Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУАЛИЕВ баласына екпе салдыруға келісімін берген ата-аналармен, оқушылармен кездесті.

- Атырауға коронавирусқа қарсы ең алғаш вакцина келгенде мен де ең алғашқылардың бірі болып екпе алғанмын. Мен де балама салдырар едім бірақ әзірге жасы жетпеді. Ол уақыт та келер, - деді кездесу барысында Б.Хаменова.

Асхан Байдуалиевтің сөзінше, мектептерде алдын ала мектеп директорларымен, оқушылардың ата-анасымен кездесулер өткен. Онда медицина қызметкерлері Pfizer – ресми сертификатталған екпе, Европа мен Америка елдеріне де осы вацинамен шыға беруге болады деп түсіндірген. Шетелде білім алғысы келген түлектерге бұл өте маңызды дәлел болды.

Ата-аналардың бірі Ольга ПЕТРОВАНЫҢ айтуынша, ол қызының денсаулығы үшін осы екпені салдыруға өтініш берген. Өзі де ақпанда вакцина алған алғашқылардың қатарында болып еді.

- Түсінігі бар әрбір отбасы вакцинаға қарсы болмайды деп санаймын. Менің қызым да еш қобалжымай, осы екпені алуға дайын болды, - деді ата-ана.

Осы кезде Геолог емханасында 6 жасөспірім мен бала емізетін 6 ана вакцина алып жатты.

- Менің 4 балам бар. Кенжесі 5 айлық. Кез келген уақытта біз вирус жұқтырып, баланы ауыртуымыз мүмкін. Балалардың денсаулығына алаңдаған соң, осы вакцинаны алуға шешім қабылдадым, - дейді Жұлдыз 3 ықшамауданының тұрғыны Нұрлы НАБЕРЕНОВА.

Айта кетсек, 19 қарашада Атырауға Pfizer екпесінің 1-2 компонентінен 32 760 дозасы келген еді. Оның бір құтысы 6 адамға бөлініп салынады. Вакцинаның екінші дозасы 21-28 күнде егіледі. Екпе 12-18 жастағы балаларға заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Вакцинаны мектептен немесе тіркелген емханадан ала алады.   

Нұрбейбіт Нұғыманов

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

20 қараша 2021, 23:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.