Атырау, 25 желтоқсан 10:05
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Мал іздеп, есірткіге тап болды

2 084 рет қаралды

Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі шөбін заңсыз сақтағаны үшін  осы ауданның 46 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінде 1 келіге жуық марихуанна шөбі табылды.

Бұл деректі полиция «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

- Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын қарап тексеру кезінде 1 келіге жуық марихуанна шөбі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, өзі пайдалану үшін сақтағанын айтты, - деп хабарлады полиция. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен («Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 қараша 2021, 22:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.