Атырау, 9 қазан 04:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев "АЖ"-ға қарсы полицияға берген арызын қайтарып алды

2 062 просмотра

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ өзінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ «AЖ» газетінің тілшісі Фархат Әбілов пен редакторы Азамат Майтановқа қатысты полицияға берген арызын қайтарып алғанын хабарлады.

– Иә, мұндай факт болды. Бірақ Нұрлыбаев өз арызын қайтарып алды. Бұл жарияланымда айыптайтын ештеңе болмағандықтан, ол журналистке қойған талабының негізсіз екенін түсінді. Бұл арызды менімен келіспей берді, бұл оның тосын шешімі. Бәріміз пендеміз, эмоция ғой, – деді М.Досмұхамбетов.

Еске салайық, қараша айының басында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев Атырау қалалық полиция басқармасына «АЖ» газетінің тілшісі мен бас редакторын Қылмыстық кодекстің 147-бабы («Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен жүгінген болатын. Бұған әкім орынбасарының ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе иемдену") бойынша қылмыстық іске тартылғаны туралы біздің басылымдағы жарияланым себеп болған.

Фархат АБИЛОВ

20 қараша 2021, 22:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.