Атырау, 9 қазан 04:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Оқиғалар тізбегі

Сурет Бейнежазба
2 469 просмотра

17 қарашада Құлсары қаласында полиция қызметкерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

"Лада 21214" маркалы қызметтік көлікті басқарған Ювеналды полиция тобының инспекторы екінші дәрежелі жолда келе жатып басты жолда келе жатқан маркасы Toyota Alphard көлігіне жол бермей жол-көлік оқиғасын жасады. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес екі көліктің де жүргізушісі де мас күйде болмаған және дене жарақатын алмаған. Полиция қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы («Жүргiзушiнiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы») бойынша хаттама толтырылып, өіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде.

*****

17 қараша күні Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Учаске" жедел-профилактикалық шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді тұрғылықты мекен-жайында заңсыз егіп өсірген 39 жастағы Мақат ауданының тұрғынын анықтады.

Ол есірткі өсімдігін өз үйінің ішінде пластикалық ыдыста өсірген. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлімімен («Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


*****

«Қару-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қаруды сақтау және тасымалдау тәртібін бұзған 30 тұлға анықталды.

4 күн ішінде заңсыз айналымнан бір қару мен 14 дана оқ-дәрісі тәркіленді. 1500 қару иесі тексеріліп қару сақтау, тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 30 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарулары тәркіленді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА мен Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны ПД ұсынды

19 қараша 2021, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.